$ 494.87  520.65  4.91

Эфиопияда ұшақ апатқа ұшырады

Эфиопия астанасы Аддис-Абебтан ұшып шыққан Ethiopian Airlines әуе компаниясының Boeing ұшағы Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында апатқа ұшырады. Оның ішінде 157 адам болған деп хабарлайды РИА Новости.

Әуе компания өкілдерінің айтуынша, бортта 149 жолаушы және 8 экипаж мүшесі болған. 

«Boeing 737 MAX 8 тіркеу нөмірі ET-AVJ сағат 08.38 жергілікті уақытпен Аддис-Абебтегі Боле халықаралық әуежайынан ұшып, сағат 08.44 онымен байланыс жоғалған. Қазіргі уақытта іздеу және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бізде тірі қалған немесе қаза тапқандар жайлы нақты деректер жоқ», - деді Ethiopian Airlines өкілдері.

Эфиопияның премьер-министрі Абий Ахмед Али кениялық Найробиге сапар жасамақшы болған Boeing 737 ұшағының апаты жайлы мәлімдеме жасаған.

«Премьер-министрдің кеңсесі мен үкіметтің атынан және Эфиопия халқының атынан Boeing 737 Ethiopian Airlines ұшағында қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғысына ортақпын», - деді премьер-министр в Twitter желісіндегі парақшасында.

Қазіргі уақытта қаза тапқан жолаушылардың саны анықталып жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары