$ 444.32  473.33  4.76

Эфиопияда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі табылды

Іздеу тобы 10 наурыз күні апатқа ұшыраған Ethiopian Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 MAX 8 ұшағының қара жәшігін тапты. Бұл жайлы жергілікті телеарналарға сілтеме жасаған Associated Press агенттігі хабарлайды.

Лайнер 10 наурыз күні таңертең Эфиопияда апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 35 елдің 157 адамы болған. Барлығы қаза тапты. Апат салдары анықталып жатыр.

Апаттан кейін Ethiopian Airlines әуе компаниясы Boeing 737 MAX 8 типті ұшақтарының ұшуын тоқтатты. Мұндай шешімді Қытайдағы барлық әуе компаниялары да қабылдады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары