Жаңалықтар 11.03.2019 сағат 12:16  248

Түркістан облысында полицейге 2,6 млн теңге айыппұл салынды

Түркістан облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкеріне 2,6 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында полицейге 2,6 млн теңге айыппұл салынды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ҰҚК қызметкерлері Түркістан облысы Полиция департаменті Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкері М. Жұмаділовтің құқыққа қайшы әрекетін анықтап, жолын кескен. 

«2018 жылғы 7 желтоқсанда ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті М. Жұмаділовті Өзбекстан Республикасының азаматына тұру ықтиярхатын ресімдеуде жәрдем көрсеткені үшін 260 мың теңге мөлшерінде ақша алу кезінде қылмыс үстінде ұстады. 

2019 жылғы 25 ақпанда Мақтаарал аудандық сотының үкімімен М. Жұмаділов ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлімі 2-тармағында көзделген қылмыс (алаяқтық) жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2,6 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар