11 наурызда Тәшенов көшесіндегі үйлердің бірінде 13-қабаттың шатырынан 29 жастағы әйел секірмекші болды деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
«Орталық аймақтық-аэромобильді жедел құтқару жасағының бас маманы Мақсат Имашев екі полицеймен шатырдың үстіне шығып, секірмек болған келіншекті райынан қайтармақшы болған. Полицейлер онымен әңгімелесіп тұрғанда, Мақсат артынан келіп ұстап үлгереді. Осылайша суицид жасамақшы болған әйел құтқарылып, төменге түсірілген», – дейді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлр комитетіннің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Анықталғандай, өзін өлтірмек болған әйел күйеуімен ажырасып жатқан көрінеді. Сол себепті күйзеліске түсіп, өзіне қол салмақ болған.
Дереккөз: Newtimes.kz