Жаңалықтар 09.03.2019 сағат 09:14  201

Қарағандыда «Гүл мереке-күн мереке 8 наурыз» атты концерт өтті

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай кеншілер мәдениет сарайында «Гүл мереке-күн мереке 8 наурыз» атты концерт өтті. Мерекелік шараға өңірдің ардақты арулары мен көп балалы аналары қатысты.

Қарағандыда «Гүл мереке-күн мереке 8 наурыз» атты концерт өтті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кеш Джаз оркестрінің сүйемелдеуімен басталды. Алтын алқа иегері, 10 баланың анасы Барша Юсуфқызы бүгінгі концертке арнайы келіп, құттықтауын жеткізді.

«Мен бақытты 10 баланың анасымын. Бүгін концерт көруге әдейі келдік. Барлық жанұяға үлкен бақыт тілеймін», – дейді көп балалы ана Барша Юсуфқызы.

Шараға сондай-ақ Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Ерқара Аймағамбетов те арнайы келіп, әйелдер қауымын халықаралық мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Бүгінде Қарағанды облысында 724 мыңнан астам әйел адам тұрады. Бұл дегеніміз жалпы халық санының әйелдер 52 пайызын құрап отыр деген сөз.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар