$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында жоғалып кеткен 16 жасар қыз көрші ауданнан табылды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында кәмелет жасына толмаған қыз үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Өздері таба алмаған соң ата-анасы полицияға арызданған деп жазады ҚазАқпарат.

Жоғалған қызды табуға Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы мен жергілікті полиция қызметі, сондай-ақ, көршілес аудан құрылымдары жұмылдырылды. Екі күн өткеннен кейін Жергілікті полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс шараларының нәтижесінде 16 жастағы қыз көршілес Сарыағаш ауданынан табылған. Тәртіп сақшылары жасөспірім қызды аман-есен ата-анасына табыстады.

Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары