Белгісіз алаяқ науқас баланың еміне деп жинап отырған ақшаны үптеп кетті. Ол банк картасына ақша аударамын деп баланың ата-анасын алдаған деп жазады Nur.kz.
Алаяқ 7 наурызда баланың ата-анасына Instagram әлеуметтік желісі арқылы хабарлама жібереді. Ол ақша аударғысы келетінін айтып, банк картасының нөмірін сұраған.
Еш күмән келтірместен науқас баланың ата-анасы белгісіз адамға банк картасының нөмрін жібереді. Бірақ алаяқ мобильді банкинг арқылы банк шотындағы 790 мың теңге шамасында ақшаны шешіп алған.
Ақтөбелік полицейлер белгісіз алаяқты іздеп жатыр.
«Қазіргі кезде «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде», – дейді Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.