$ 494.87  520.65  4.91

Астанада өрімдей жас қыз сифилис жұқтырған

Астанада өрімдей жас арулар гинеколог мамандарды жағалап, ақ халаттылардың көмегіне жиі жүгінетін болған. Өкініштісі жас қыздар мектеп бітірісімен жыныстық қатынасқа түсіп, түрлі жұқпалы ауруларды жұқтырады екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мамандардың сөзінше, әсіресе, жас арулардың арасында «сифилис»ауруы кең тараған екен. 

«Бейтаныс адамдармен жыныстық қатынасқа жиі түсудің салдары осылай болады. Бойжеткендер де, ер адамдар да сақтанбай жақындасып, бір-біріне ауру жұқтырады. Мәселен өткен айда ғана жап-жас қыз баланың «сифилис» ауруына шалдыққан жағдайы тіркелді. Әдетте бұл ауру орта жастағы әйел адамдарда жиі кездесетін. Өкініштісі қазір өрімдей қыздар жыныстық өмірге ерте аяқ басады. Нәтижесінде осындай келеңсіз жайттарға тап болып жатады. Сосын ата-аналарына айтпай, гинеколог жағалап жүреді», - дейді маман.

Ол сондай-ақ ерте жастан жыныстық қатынасқа түсетін жасөспірімдерге сақтану қажеттігін айтты.

«Жыныс мүшелерінің жұқпалы ауруларын жұқтырмаудың басты ережесі – сақтану шаралары. Ол әйелдерге де, ерлерге де қатысты. Сақтықта қорлық жоқ. Тек сақтану арқылы ғана барлық аурулардың алдын алуға болады», - дейді гинеколог. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары