Жаңалықтар 13.03.2019 сағат 10:48  253

АҚШ өкілдер палатасы Владимир Путинге қарсы заң жобаларын мақұлдады

АҚШ өкілдер палатасы сейсенбіде Кремльдің агрессиялық саясатына қарсы тұру және Ресей президенті Владимир Путиннің қызметімен байланысы бар жемқорлықты тексеру туралы заң жобаларын мақұлдады деп жазады Азаттық.

АҚШ өкілдер палатасы Владимир Путинге қарсы заң жобаларын мақұлдады
АҚШ конгресінің өкілдер палатасы
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

KREMLIN Act деп аталатын заң жобасы Ресейдің өзге елдердің ісіне араласуына тосқауыл қоюды және ресейлік барлау жүйесінің іс-әрекетін шектеуді көздейді.

Құжатқа сай, АҚШ ұлттық барлау қызметінің басшысы Дэн Коутс үш айдың ішінде «Ресей саяси басшылығының пиғылы» мен АҚШ пен НАТО-ға Мәскеу тарапынан төнуі ықтимал қауіп-қатер және Ресейдің «батыстағы қарсыластарының өзара қайшылығы мен әлсіздігін пайдалануға» бағытталған іс-әрекеттері жайлы есеп дайындап ұсынуы тиіс. Осының алдында қабылданған Ресей президентінің ашықтығы жөніндегі заң жобасы АҚШ барлауынан Владимир Путиннің табысы мен дүние-мүлкі туралы мәліметтер сұратқан.

Құжат авторларының бірі, Республикалық партия өкілі Элис Стефаниктің мәлімдеуінше, Владимир Путин және онымен одақтас жемқорлар әдептен жұрдай әдістермен саяси бақылау орнатып, күллі әлемде демократияны әлсіретуге ұмтылып отыр. Олар жауапкершілікке тартылуы тиіс деп санайды Стефаник.

Құжатқа сәйкес, заң күшіне енген соң жарты жылдың ішінде АҚШ ұлттық барлауы директоры мемлекеттік хатшы және қаржы министрімен бірге Ресей президентінің жеке байлығы туралы есеп әзірлеп ұсынуға міндетті.

Бұған дейін Кремль өкілдері бұл заң жобасын «русофобиялық күшену» деп атап, оған мән бермеуге шақырған еді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің «мұндай бастама жайлы білуі де неғайбыл» деді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар