$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда 39 жастағы ер адам апиын дайындаған

Естай көшесінің бойында орналасқан үйдің жанында бұрын сотталған Павлодар қаласының тұрғыны ұсталды деп жазады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«39 жастағы адамды жедел іс-шаралар барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. Ол өз пәтерінде ас көкнәрінен экстракциялық апиынды дайындау бойынша притон ұйымдастырды деген күдікпен қамауға алынды», - деді департаментте.

Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабы бойынша (ірі көлемде есірткі құралдарын дайындау және сату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаевтың тапсырмасы бойынша есірткінің алдын алу бойынша жұмыс күшейтілді.

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары