$ 498.34  519.72  4.85

Доллар 377,45 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға 377,45 теңге болды деп хабарлайды KASE.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,24 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 377,3 теңге, ал ең жоғарысы - 377,6 теңге болған. Сауда көлемі 35,04 млн долларға жетті.

Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 377,69 теңгені, күндізгі сессияда 377,77 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 377,74 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 107,286 млн доллар.

Еске сала кетейік, сейсенбі күні KASE-де АҚШ долларының бағамы 1,83 теңгеге - 379,75 теңгеден 377,92 теңгеге дейін, сәрсенбі күні 0,23 теңгеге - 377,69 теңгеге дейін төмендеген болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары