$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда тұрмысы төмен отбасыларға ипотека беру үшін 100 миллиард теңге бөлінеді

Қазақстанда тұрмысы төмен отбасылардың баспана мәселесін шешу үшін биыл бюджеттен 100 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы 14 наурызда мәжілісте өткен 2019-2023 жылғы бюджетті жоспарлау отырысында қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәлімдеді деп жазады Азаттық.

Савельеваның сөзінше, көп балалы, табысы аз, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға «Тұрғын үй жинақ банкі» арқылы 20 жылға екі пайызбен ипотека беріледі.

4 ақпанға қараған түні Астанада уақытша баспанадағы өрттен бір отбасының бес баласы (ата-аналары түнгі жұмыста болған деп хабарланды) мерт болғаннан кейін, Қазақстанның бірнеше қаласында аналар жаппай наразылық танытты.

Олар биліктен көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдауды күшейтіп, балаға төленетін жәрдемақыны көбейтуді, баспана мәселесін шешуді және жеңілдіктер беруді талап етті. Наразылық күшейіп тұрған тұста - 27 ақпанда Астанада «Нұр Отан» партиясының 18-съезінде Назарбаев «мемлекет бюджетінің 45 пайызын әлеуметтік салаға жұмсауды» тапсырған.

Ал 7 наурызда Назарбаев халықаралық әйелдер күні қарсаңында бір топ әйелді қабылдаған «Көктем шуағы» шарасында «бәрін үкімет береді деп қол жайып отыра беруге болмайды» деген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары