Астананың 2 тұрғыны Жангелді ауданына балыққа шыққан. Олардың жол талғамайтын Toyota Land Cruiser 100 автокөлігі мұзды жарып жіберді деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адамның біреуі жақын маңдағы ауылға көмек сұрауға кеткен. Жолда полиция инспекторы Дидар Әбділданы көріп, жәрдем сұраған. Полицей құтқарушыларды шақырып, Астанадан келген қонақтардың көлігін судан шығаруға көмектескен.
Астана тұрғыны Жалғаспаев Жангелді аудандық полиция бөлімшесіне алғысын білдіріп, инспектер Дидар Әбділдаға ерекше ризашылығын айтты.