Жаңалықтар 16.03.2019 сағат 09:50  241

БҚО-да ірі жол апатынан 2 адам мерт болды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам мерт болды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО-да ірі жол апатынан 2 адам мерт болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 наурыз күні сағат 09.50 шамасында Самара-Шымкент автожолында Бәйтерек ауданы Погодаев ауылы тұсында болды. «Фольксваген» автокөлігінің 1962 жылғы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан қырғызстандық азаматтың басқаруындағы «Вольво» жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан «Фольксвагеннің» 57 жастағы жүргізушісі мен 58 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы - 1994 жылғы жігіт Оралдағы ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар