$ 443.85  474.3  4.8

Астанада жарты күнде 35-деп астап жол апаты болды

Астанада жарты күннің ішінде 35-тен аса жол апаты тіркелді. Бұл туралы елордалық ІІД әкімшілік полиция басқармасындағылар хабарлады деп жазады Tengrinews.kz 

"Жол апаттарының барлығын инспекторлар шұғыл реттеп, жолда кептеліс болмау үшін көпшелі топтар қызмет етіп жатыр. Қар тазалайтын техникалар да көшелерді тазалап жүр", - деп хабарлады ІІД ӘПБ өкілі Лариса Красникова. 

ІІД ӘПБ мәліметінше, жағдай таңертең тұрақты болды. Таңғы сағат 10.00-дегі жағдай бойынша, 15 жол апаты тіркелді, бұл көрсеткіш басқа күндермен салыстырғанда жоғары.

Айта кетейік, таңертеңнен бері Астанадағы қатынас қиындады. Тұрғындардың көпшілігі көліктерінің дөңгелектерін ауыстырып үлгермеген. Дөңгелек ауыстыру орындарының қызметкерлері клиенттер санының күрт артқанын айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары