Қазақстанның 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды деп жазады ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Қарағанды мен Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді. Еліміздің өзге шаһарларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.