Жаңалықтар 18.03.2019 сағат 05:15  283

Астанада «Қазақ аруы-2019» ұлттық сұлулық байқауы өтеді

19 наурыз күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақ аруы-2019» ұлттық сұлулық байқауы өтеді. Бұл шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен осымен үшінші рет өткелі отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап. 

Астанада «Қазақ аруы-2019» ұлттық сұлулық байқауы өтеді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурсқа қатысуға барша Қазақстаннан 16-22 жас аралығындағы 600-ден аса ару өтінім берген. Байқау шарттарына сәйкес, «Қазақ аруы» атануға үміткерлер қазақ тілінде еркін сөйлеп, әдебиет, тарих салаларын, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын білуге тиіс. Бұдан басқа, конкурсанттар сымбатты, бұрымды, ал бойы кемінде 170 см болуы керек. 

«Қазақ аруы-2019» байқауының бағдарламасы үш кезең бойынша өтеді - шығармашылық, интеллектуалдық байқау және қазақстандық дизайнерлер киімдерінің көрсетілімі (дефиле). Арулар бір жарым айдан бері кәсіпқой мамандар - хореографтар, режиссерлер, дизайнерлер, визажистер мен стилистердің көмегімен байқаудың финалына дайындалып жүр. 

«Қазақ аруын» анықтау үшін әділ қазылар алқасы белгіленді, оның құрамында Айгүл Мукей, Динара Сатжан, Қарақат Әбілдина, Болат Мажағұлов, Ерік Жолжақсынов, Арман Сейтмамыт, жоба продюсері Баян Алагөзова, «Қазақ аруы-2018» гран-при иегері Набира Рақымжан және тағы басқа танымал азаматтар бар. Қазылар алқасының төрайымы - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, қоғам қайраткері Бірғаным Әйтімова.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар