$ 448.56  478.03  4.79

Су ресурстары комитетінің басшысы Ислам Әбішев қамалды

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қамауға алынды деп жазады Tengrinews.kz.

Сот 16 наурызда шенеунікке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

«Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ислам Әбішевке қатысты 2 айға - 2019 жылдың 14 мамырына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметінің өкілдері.

Шенеунікке қандай айыптар тағылғаны хабарланбай отыр.

Айта кетейік, 15 наурызда Ислам Әбішевтің қызметтен шеттетілгені хабарланған еді. 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары