23.10.2015, 03:33

Меккеде тапталып өлген қажылардың саны жарияланды

m.khabar.kz

Биылғы қажылық кезінде тапталып өлгендердың нақты саны жария етілді. Мина жазығында шайтанға тас лақтыру кезіндегі қырғыннан алғашында айтылғандай мыңға жуық емес, 2 мың қажы көз жұмған деп хабарлайды КТКарнасы.

Қажылар қасиетті парыздарын өтеп жатқан соңғы күні тар дәлізге сыймай сығылысып қалған болатын. Жарияланған ресми мәлімет бойынша, сол оқыс оқиғада 2 мыңнан астам адам қаза тауыпты.

Дегенмен, хабар-ошарсыз кеткендер әлі де бар екен. Қазір оларды іздеу жұмыстарымен жергілікті қайырымдылық қорлары айналысуда. Ал Сауд Арабиясының басшылығы, қанды қырғынның екінші күнінде берген ақпараттан кейін еш тіс жармай отыр.

Ол кезде ел билігі өлгендердің саны 800 адамға жетті деп мәлімдеген.