Жаңалықтар 20.03.2019 сағат 06:16  224

Алматы тергеу соты Жомарт Ертаевты қамауға алды

Алматы тергеу соты Жомарт Ертаевты  қамауға алды деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Алматы тергеу соты Жомарт Ертаевты қамауға алды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Медеу аудандық сотының  7 наурыздағы Жомарт Ертаевты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын негізді деп қабылдады. Қамауда ұстау мерзімі 2019 жылдың 15 наурызынан 15 мамырға дейін жалғаспақ. Үйқамақта ұстау туралы өтініш қанағаттандырылмады. Отырыс күдіктінің қатысуымен өтті»,- деді соттан.

Бұрын хабарлағанымыздай, Жомарт Ертаевпен бірге  банктің 41 топ менеджері мен жұмысшылары күдікке ілінген еді.

Айта кету керек, Жомарт Ертаев биыл 15 наурызда Қазақстанға экстрадицияланған болатын. 

Дереккөз: Қазақпарат

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар