20.03.2019, 06:44

Қазақстандағы барлық орталық көшелерге Назарбаевтың аты берілсін – Тоқаев

Жаңа сайланған Қасым-Жомарт Тоақаев салтанатты ант беру рәсімінен кейін Астана мен Қазақстандағы орталық көшелерге Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді ұсынды.  

«Елордамызға Тұңғыш Президент құрметіне монумент қоюды ұсынамын. Астана атауын және Қазақстандағы барлық орталық көшелерге Назарбаев атын беруді. Елбасымыз  «Еңбек Ері», «Халық Қаһарманы» секілді  барлық мәртебелі атақтарға алуға лайық деп ойламын», – деді Тоқаев.