Павлодар облысында 53 жастағы ер адамды тонап, өлтіріп кетті. Қылмыскерлер Шалдай ауылынан ұсталды деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
Жедел іздестіру барысында Шарбақты ауданы Шалдай ауылынан 53 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікпен 1990 және 1994, 1995 жылы туған ер азаматтар ұсталды.
Күдіктілер марқұмның үйінен 5 мың АҚШ доллары мен 300 мың рубль, 10 мың теңге алып кеткен. Сөйтіп олар оқиға орнынан іздерін суытқан.
Қазіргі уақытта айыпталушылар қамауға алынды. «Кісі өлтіру» және «Тонау» бабы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Дереккөз: Newtimes.kz