$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда 300 орындық мектеп пайдалануға берілді

Атыраудағы Еркінқала ауылдық округінің Ракуша ауылында жаңа жалпы білім беретін  мектептің ашылу салтанаты өтті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Ракуша ауылында  300 орындық жаңа мектепті пайдалануға беру салтанатты рәсімі өтті. Білім беру мекемесі «NCOC» компаниясының демеушілігімен салынды. 

«Ракуша ауылындағы М.Өтемісов орта мектебінің құрылысы 2017 жылдың маусым айында басталып,  2019 жылдың наурызында аяқталды. Бұл жергілікті тұрғындар үшін  қуанышты жайт. Себебі, «Өркен»  ықшам ауданындағы 35 мектепте ауылдың 645 баласы оқып жатыр», - деді қалалық білім беру бөлімінің басшысының  орынбасары Ерлан Қабдинов. 

Екі қабатты жаңа мектеп   2,5 гектар жерде орналасқан. Мұнда сапалы білім беруге  барлық қажетті жағдай  жасалған: барлық кабинеттер жаңа заманауи жабдықтармен, интерактивті тақтамен және компьютермен жабдықталған. Мектепте кең  әрі  жарық сыныптар, үлкен спорт  залы, асхана, кітапхана және мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке сыныптары бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары