26.10.2015, 04:20

Қазгидромедтің болжамы

i-news.kz

Бүгін еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-батыс өңірлерінде тұман түсіп, күн жауын-шашынды болады деп күтілуде. Ал, оңтүстік пен шығыс аумақта күн ашық. Тек кей жерлерде жел күшейіп, құмды дауыл көтерілуі мүмкін деп хабарлайды «Қазгидромет». 

Түнде Жамбыл мен Қызылорда облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қызылорда облысының кей аймағында құмды дауыл көтеріледі.

Батыс Қазақстан облысының бірқатар елдімекенінде тұман түсіп, мұнда да жел секундына 15-20 метрлік жылдамдықпен соғады.

Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Павлодар облысының автокөлік жолдарында да көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауанында да жел күшіне мінеді, жылдамдығы секундына 18-23 метр.