$ 494.87  520.65  4.91

Оралда оқушылар төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті

Оралда оқушылар төбелесіп, жеткіншектің біреуі ауруханаға түсті деп хабарлайды БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Оқиға 19 наурызда болған.

«10-сынып оқушысының көзі жараланған. Ол төбелескендерді ажыратпақ болған. Оның көзіне ота жасалып, қазір палатаға ауыстырылды. Қазір болған оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11-сынып оқушысының сынып ішінде 10- сынып оқушысына дене жарақатын салған.

«Жеткіншек Орал қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір «Қасақана ауыр дене жарақатын салу» бабы бойынша іс қозғалуда», - дейді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дереккөз: Мой город

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары