Жаңалықтар 21.03.2019 сағат 10:40  268

Ет жемегені үшін әйелдің шашы түсіп қалды

Ұлыбритания тұрғыны ет жемегені үшін шашынан айырылып қалды. Шашы түсіп қана қоймай, әйел көп ұйықтайтын халге жетті деп жазады Stan.kz.

Ет жемегені үшін әйелдің шашы түсіп қалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Музыкант Джессика Дрю былтырғы сәуір айынан бастап еттен бас тартқанын айтады. 

«Таныстарымның бәрі осылай жасай бастады. Сүтті тағамдарды да көптен бері жемеймін. Осылайша еттен де бас тартам деп ойладым», - дейді ол. 

Ол бастапқыда өзін жеңіл сезінгенімен ақырындап шашының түсе бастағанын байқайды. Өз жасынан кәрі көріне бастайды. 

Сонда да ол етті жемей қойған. Шаштың түсуіне ақуыз бен кератиннің жетіспеуі себеп болуы мүмкін. Себебі шаш пен тырнақ содан тұрады. Ақуыздар еттен бөлек балықта, сояда, бұршақ пен жасымықта болады. 

Енді Дрю осы тағамдарды жеп, шашын қалпына келтірмек. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар