$ 443.85  474.3  4.8

Нұр-Сұлтандағы жол апаты болған жерге Бақыт Сұлтанов келді

Елордадағы жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орнына қала әкімі Бақыт Сұлтанов барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаеваның атап өтуінше, елорда әкімі Б. Сұлтанов Қабанбай батыр даңғылындағы ірі жол-көлік оқиғасы орын алған жерге шұғыл түрде барды. Көлік апаты сағат 9:14 кезінде болған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада автобустар апатынын екі адам көз жұмды. 26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің қақтығысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Қала маңы бағдарындағы № 303 автобус № 12 бағдардағы жолаушылар көлігімен соқтығысты. Осының екпінімен олар № 53 автобусқа және жедел жәрдем көліген барып соғылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары