Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкентте концерт өткізген «91» тобының солистеріне хейтерлер жұмыртқа лақтырды. Олардың бұл әрекетіне топ әншісі Дулат Мұхаметқалиев «асты қорламайық» деп бір ауыз сөзбен жауап қатты.
«Мына жерде біреу жұмыртқа лақтырып жатыр. Не болды соншама, тамақты ысырап қылып?! Кейбіреулер нан таба алмай жүр. Ұят», - деді ол.
Еске сала кетейік, былтыр «Шымкент жастары» «91» тобының концертіне тосқауыл қойып, қарсылық көрсеткен болатын.