$ 448.81  476.82  4.77

Хан Абылай туралы жаңа кітап жарық көрді

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Мырзатай Жолдасбековтың мемориалдық кітап коллекциясы» залында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жазушы Дәулетбек Қаңбақовтың «Қазақ ханы Абылай» атты тарихи романының тұсаукесері өтеді. Бұл туралы аталған кітапхананың баспасөз қызметі хабарлады.  

Кітап Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты баспа бетін көріп отыр. Тарихи туындыда Абылай ханның өмір жолы, қоғамдық қызметтері туралы жан-жақты баяндалады. Тарих бедерінде небір тар жол, тайғақ кешуді бастан кешкен ұлтымыздың ұлы перзентінің көркем бейнесі арқау болған тарихи романның көтерер жүгі ауыр.

Кітап авторы Дәулетбек Қаңбақов 1942 жылы ҚХР Шыңжан өлкесі Нылқы ауданында дүниеге келген. Қаламгердің «Жас қарағай», «Жыл лебіздері», «Қайнар көз», «Мұралардан ұлағат» тәрізді кітаптарымен оқырман қауым таныс.

«Фолиант» баспасынан жарық көріп отырған жаңа туындының тұсаукесеріне елордалық зиялы қауым өкілдері, әдебиетші-ғалымдар және кітапхана оқырмандары қатысады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары