27 наурыз күні Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан ҚР Қарулы күштерінің ӘКҚ әскери-әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Экипажы түгел қаза тапқан. Бұл туралы Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Тікұшақ экипажы қаза тапты. Тергеу бастау туралы бұйрық бердім. Қаза тапқандардың үй-ішіне көңіл айтамын. Оларға материалдық көмек көрсетіледі», – деп жазды Тоқаев.
Айта кетейік, бұған дейін ұшақ бортында 13 адамның болғаны хабарланған.