28.03.2019, 08:28

«Бірге тұрғым келмейді»: Алматы тұрғыны баласын қараусыз тастап кеткен әйеліне іздеу салды (ВИДЕО)

«Қарекет» тележобасына қатысқан Серік есімді Алматы тұрғыны осыдан біраз уақыт бұрын ажырасқан келіншегі Салтанатқа іздеу салды. Әйел күйеуі мен 8 жасар баласын тастап кетіп қалған екен.

Ер азаматтың туыстары ажырасуға не себеп болғанын білмейді. Екі тарап та туған-туыстарына тіс жармайтын көрінеді. Тек Салтанат «бірге тұрғым келмейді» деп отбасын тастап кетіп қалыпты. 

Қазір ортақ некеден туған Еркебұлан 8 жасқа келді. Ол анасынан 1 жасында көз жазып қалған. Қазір мектепте оқиды, өте зерек оқушы дейді әжесі.

Тегтер: Алматы видео