$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында тігін фабрикасы ашылды

Түркістан облысы Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекенінде әскери және арнайы киімдерді, төсек жабдықтарын тігетін «АХБК» тігін фабрикасы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өндіріс орнын кәсіпкер Нұрлан Сапаров өз қаражаты есебінен іске қосып отыр. Жоба құны - 1 млрд 200 млн теңге. Нәтижесінде 100-ден астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды. Алдағы уақытта өндірісті ұлғайтып жұмыс орнын 250 адамға арттыру жоспарлануда. Қазіргі таңда фабрика  «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен және ҚР Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ жеке өндіріс орындарының тапсырыстарын орындауға кірісіп кеткен.   

Аталған фабриканың ашылуына аудан әкімі Бақтияр Мамаев қатысып, өндіріс орнының ашылуымен құттықтады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары