$ 443.85  474.3  4.8

Ақтөбеде пәтерден шығарылған әйел 5 баласымен подъезде тұруға мәжбүр болған

Баянсұлу Тәжідинованың кішкентай баласы 4 айлық. Пәтер ақысын төлей алмағандықтан үйден қуылған әйел 5 баласымен подъезде түнеуге мәжбүр болған, деп жазады  diapazon.kz.

33 жастағы әйелдің бар тілегі баспаналы болу. 

«Біз Нұр Ақтөбеде 2 бөлмелі пәтерді 30 мың теңгеге жалдап тұрдық. Негізі ондай пәтерлерді 40-45 мың теңгеге жалдайды. Үй иесі біздің жағдайымызды ескеріп қана аз ақшаға келіскен. Алайда жақында оның  баласы оқудан кеп, отбасын құрды. Сосын менен үйді босатуымды сұрады. Біз далада қалдық. Үлкен қызым - 15-те, одан кейінгісі  - 12, сосын 6 және 3 жастағы ұлдарым бар. Ең кішкентайым 4 айлық. 

Бірнеше күні подъезде түнедік. Бірақ ол жерден де қуып шықты. Бір күні Галина Новикова есімді көпбалалы анамен кездесіп қалдық. Ол бізді өз үйіне алып келді. Алайда оның тұрып жатқан пәтері де уақытша берілген. Жақында оны да шығарады. 

Сейсенбі күні Баянсұлу Тәжідинова Алматы аудандық әкімдігіне барды. Көпбалалы ананың жағдайын естіген аудан әкімінің орынбасары Алтынбек Әлжанов оларды асханадан тамақтандырып, уақытша пәтер табуға уәде етті. 

Айта кетейік, Тәжідинова бүгінде 5 баласы үшін мемлекеттен бар жоғы 53 мың теңге әлеуметтік жәрдемақы алады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары