$ 498.34  519.72  4.85

ШҚО-да дәрігерлер кене шағу маусымының жақындағанын ескертті

Еліміздің Шығыс Қазақстан облысы кене энцефалиті қауіп төндіретін аймақтардың біріне жатады. Әсіресе өңірдің Катонқарағай, Алтай, Шемонаиха, Көкпекті, Ұлан, Глубокое аудандары мен Риддер және Өскемен қалаларының маңайы жоғары эндемиялық аймақтар боп есептеледі.

Өткен жылдың сәуір-қазан айларында облыста 4 мың тұрғынды кене шағып, дәрігер көмегіне жүгінген. Ұйымдастырылатын алдын алу шараларына қарамастан, көптеген адам кенеден қорғанудың қарапайым тәсілдерін де білмейді екен. 

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы аталған жәндік шағып алған жағдайда дәрігер көмегіне жүгініп, энцефалитке қарсы иммуноглобулин алу қажеттігін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ШҚО #дәрігер