Жаңалықтар 29.03.2019 сағат 12:14

Жалағаштағы тікұшақ апатынан қаза тапқан майордың артында 7 баласы қалды

Қызылорда облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан майор Сабыр Тоқбаевтың артында әйелі мен жеті баласы қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Жалағаштағы тікұшақ апатынан қаза тапқан майордың артында 7 баласы қалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қаза тапқан әскери қызметкердің бауыры Нұрлан Асылбаевтың айтуынша, ол Шымкентте дүниеге келіп, сонда тұрған. Әскери авиацияда қызмет еткен. Майордың артында әйелі мен жеті баласы қалды, кенже баласы - 3 жаста. Ақтауға іссапармен барған. 

«Бокстан спорт шебері. Мейірімді болатын, барлығына көмектесетін, әскерден келген жастарды жұмысқа орналастыратын. Бірге өскен едік. Сабыр зейнетке шығайын деп жатқан болатын. Артында жеті баласы қалды, тұңғышы - 9-сыныпта, кенжесі - үш жаста. Төрт ұлы мен үш қызы бар», - дейді бауыры. 

Қызылорда облысында әуе апатынан қаза тапқандардың тізімі жарияланды 

«Күнде таңертең жаңалықтарды оқимын. МИ-8 тікұшағының құлағанын естідім. Содан онда қаза тапқандардың аты-жөндерін қарай бастадым, онда Сабырдың есімі көрсетілмеді. Бірақ бір сағаттан соң маған онымен бірге қызмет еткендердің бірі хабарласып, жағдайды айтты. Қаза тапты дегенге сенбедік. Аты-жөні болған жоқ, тізімде көрсетілмеген. Аман қалған шығар деп үміттендік. Көлікпен немесе автобуспен барған шығар деп ойладық. Қазір жарының жағдайы нашар, әр жарты сағат сайын жедел жәрдемді шақыртып жатыр. Былтыр әкесі қайтыс болған еді, ал үш жыл бұрын анасынан айырылған болатын», - дейді Асылбаев. 

Ол Сабыр Тоқбаевтың Шымкентте жерленетінін айтты. Бірақ, айтуынша, нақты күні әлі белгіленбеді, себебі бірнеше сараптама жүргізіліп жатыр. 

Еске салайық, Ми-8 тікұшағы 27 наурызда апатқа ұшыраған болатын.  «2019 жылдың 27 наурызында Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде. 4 тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған еді. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және «Алтын жебе» арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған», - делінген еді хабарламада. 

Кейінірек тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден берілетіні айтылды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар