Жаңалықтар 01.04.2019 сағат 06:57  307

Шымкентте Назарбаев мектебінің оқушысы 13-қабаттан құлап қайтыс болды

30 наурыз күні Шымкентте қайтыс болған жасөспірім Назарбаев мектебінің оқушысы болғаны туралы Elitar.kz порталына қалалық білім басқармасындағылар хабарлады.

Шымкентте Назарбаев мектебінің оқушысы 13-қабаттан құлап қайтыс болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Естеріңізге сала кетейік, 31 наурызда қайғылы оқиға туралы белгілі болды. Алдын ала болжам бойынша 9-сынып оқушысы 13 қабаттан құлап кеткен. Бұл қайғылы оқиға немесе суицид болды ма, оны тергеушілер анықтайтын болады.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар жасөспірімнің қаза болу фактісін растады.

Бұған дейін біз ресми емес ақпараттарға сүйене отырып, қайтыс болған жасөспірім республикалық деңгейдегі беделді оқу орнының оқушысы болғаны туралы жазған болатынбыз. 31 наурыз біздің портал тілшісі аталған оқу орнына барғанда ондағылар пікір беруден бас тартты. Біздің дереккөздің пікірінше, онда педагогтар мен білім ұясының әкімшілік қызметкерлері болған.

Білім басқармасындағылар оқушының қазасын тек бүгін ғана ресми түрде растады. Айта кетейік, қайтыс болған жасөспірім Назарбаев мектебінің 9 сынып оқушысы болған. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар