Жаңалықтар 08.03.2019 сағат 02:10  242

Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі күнін өткізді

8 наурыз күні Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінде Аналар кеңесі күнін өткізді.

Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі күнін өткізді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Нұр Отан» партиясының ХҮІІІ-съезіндегі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың берген тапсырмаларын түсіндіру, насихаттау мақсатында Достық үйінде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің күні өтті. Бүгінде Аналар кеңесі қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтауға өзіндік үлесін қосып келеді. 

Шара аясында облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, Жанар Кенжеғалиева аналарды төл мерекесімен құттықтап, нәзік жандылардың қоғамдағы рөлін, дамушы еліміздің аналары жан- жақты, заман талабына сай екенін, жаңа бастамаларға мемлекеттің көрсетер қолдауы мен тигізер көмегі жайында сөз қозғады. Кездесуге арнайы келген Нұр Отан партиясы Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары Юлия Бадина сьезде қаралған мәселелерді шешуге, алдағы 10 жылдыққа, оның ішінде 2021 жылға дейінгі орындалатын тапсырмаларға Ұлттық қордан қосымша қаражат бөлінгені, әсіресе көп балалы аналарға әр бала үшін 21 мың тең¬геден атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетіні туралы және қандай жағдай алуға мүмкіндік бар екенін түсіндірсе, әйелдер қауымына жеке кәсіпті ашып, дамытудағы алғашқы қадамның жасалу жолдарын Қарағанды облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанаргүл Күлмағамбетова жан-жақты айтып берді. 

Қызметі мен отбасын қатар алып жүрген көпбалалы іскер ана, «Алтын той», «Келін курс» жобаларының авторы - Кәникар Алтын басқосу аясында жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық сал-дәстүрлеріміздің маңызы зор екенін айтып, жас аналарға ақыл-кеңесімен бөлісіп, көптің қошеметіне бөленді. Сондай ақ, басқа да көп балалы аналар көкейкесі сауалдарын қойып, оған толық мардымды жауап ала алды.

«Әр істі шын ниетіңмен бастасаң, аяғында өз жемісін берері сөзсіз. Аналар кеңесі Елбасы саясатын жүзеге асыруға, ондағы айтылған тапсырманы тындырымды атқаруға, мемлекет тағдырына тың серпін беруге әрдайым атсалысады. Отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Елбасының көпбалалы аналарды қолдау мақсатындағы жаңа тапсырмалары көңілге өте қонымды және маңызды», - дейді Жанар Бейсенбекқызы. 

Маңызды шара Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» аясындағы «Шашу» акциясына жалғасты. Шашу- қуаныштың айғағы ретінде жасалатын өте әдемі салтанатты дәстүр. Бұл жақын-жуықпен тәтті-дәмдімен, қолда барымен бөлісіп, сыйлықтар үлестіру.

«Намус» әзербайжан ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гюлага Векил-оғлы Рзаев Майқұдықтағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыртқы күртелер, жемістер мен тәттілер таратып, балақайларды қуанышқа бөлесе, облыстық Ассамблея Қайырымгерлер клубының өкілдері жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетті. Келелі кездесу мен қайырымдылық шарасы жарасым тапқан бұл басқосу ұйымдастырушылардың аналарды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, облыстық ҚХА-ның Алғыс хаттарын табыстаумен тәмамдалды

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар