Қарағандының 85 жылдық мерейтойына орай Абай атындағы кітапханада оқушылар арасында «Өлеңім – Қарағандым» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Жүрегі елім, жерім деп соққан таланттылар ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігі.
«Байқаудың мақсаты – Қарағанды қаласы туралы лирикалық шығармалар жазатын дарынды балаларды қолдау. Сонымен қатар, қазіргі жасөспірімдер мен жастардың поэзияға, жерлес ақын-жазушылардың шығармаларына қызығушылығын арттыру. Байқау аудитория алдында сөз сөйлеу дағдыларын дамытуға және үздік оқушыларды анықтауға көмектеседі», - дейді ұйымдастырушылар.
Қатысушылар екі номинация бойынша өнер көрсетті: «Авторлық оқу» және «Жас қарағандылық автордың Қарағанды туралы өлеңін оқуы». Біріншісінде жас мәнерлеп оқушылар Қарағанды туралы өздері шығарған поэтикалық шығарманы жатқа оқыды. Екінші номинацияда - автордың Қарағанды туралы өлеңдері оқылды.
«Авторлық оқу» номинациясы бойынша бірінші орынды «Альтер» еркін даму мектебінің оқушылары Владислав Мартынов пен Руслан Рымбаев иеленді. Екінші орын «Қарағанды-сүйікті қала» шығармасын ұсынған осы мектептің 5-сынып оқушысы Диана Магамадоваға берілді. Ал үшінші орынды «Киелі Қарағанды» шығармасымен №1 "Білім инновация" лицейінің оқушысы Серік Құрмансейітов иеленді.
«Жас қарағандылық автордың Қарағанды туралы өлеңін оқуы» номинациясы бойынша жеңімпаздар атанғандар:
I орын – Сабина Шаметова «Менің қалам» шығармасымен, авторы Максим Горбунов; II орын - Нұргүл Рымбек «Қарағанды аялдамасы» шығармасымен, авторы Бекежанов Айтуар; III орын - Мария Меженина «Менің Қарағандым» шығармасымен, авторы Савинов Вячеслав.
Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Байқауға қатысқан авторлық шығармалар биылғы жылы «Қауырсын қалам» атты кітапханалық альманахта жарияланады.
«Өлеңім – Қарағандым» атты мәнерлеп оқу байқауы Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен өткізілді