$ 446.49  475.38  4.79

Кореяда ауыр жұмыс істеген Қазақстанның 7 азаматы қаза тапты

Кореяда ауыр жұмыс салдарынан Қазақстанның 7 азаматы қаза тапты. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мендегі ақпаратқа сәйкес, осы жылдың басынан бері мыңнан астам Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядан өз еркімен елге оралды. Депортацияланғандары да бар. Олардың саны мұнан әлдеқайда көп. Әзірше деректер жария етілмейді. Бұл операция жалғасып жатыр. Ол жақта қалған Қазақстан азаматтары әлі де баршылық. Бізге қайғылы хабарлар да келіп түсіп жатыр. Соңғы жарты жылдың ішінде Оңтүстік Корея аумағында  заңсыз жүрген 7 азаматымыз қайтыс болды. Жасы 30 бен 40-тың арасында, жап-жас жігіттер», - деді Айбек Смадияров.

Осы ретте ресми өкіл олардың неден қаза тапқанын да айтып берді.

«Қара жұмыстан кешке үйлеріне шаршап келіп ұйықтағаннан кейін таңертең оянбай қалған. Оларда медициналық сақтандыру жоқ, жұмыс істеп жатқан мекемесімен келісімшарты болмағандықтан ешқандай құқықтары жоқ. Туыстары денесін елге жеткізетін кезде біраз қиналды. Себебі бір мүрдені Оңтүстік Кореядан елге жеткізуге 6-7 мың доллар қаражат кетеді», - деді ол.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары