$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысында медицина мекемелерінің қатары көбеймек

Биыл аймақтағы медицина мекемелерінің қатары көбеймек. Қарағанды іргесіндегі Майқұдық ықшам ауданда жаңа емxана сәуір айында тұрғындарды қабылдай бастаса, тағы да үш бірдей бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін орталықтың құрылысын бастау жоспарланған деп жазады BAQ.KZ.

Сондай-ақ, Шахтинск, Жезқазған қалаларындағы аурухана қалашықтары қайта қалпына келтіріліп, гемодиализ орталығы салынады.

«Бүгінде Қарағанды облысында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 45 мекеме жұмыс істейді. Қазіргі уақытта екі учаскелік дәрігерге 2,5 мың адамнан келеді, бұл белгіленген нормативтен көп. Сондықтан да амбулаториялы-клиникалық мекемелердің жүйесін жаңғырту және дамытуға байланысты шараларды іске асыру барысында облыста 14 мың шаршы метрден астам аумақтағы медицина мекемелерін пайдалануға беру көзделіп отыр. Осы жылы амбулаторлы-клиникалық қызметтің инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту бойынша 11 жобаны іске асыру жоспарлануда», - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Оның айтуынша, Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада жаңа консультативті-диагностикалық орталық құру халыққа көрсетілетін медициналық қызмет түрлерін жиырма 25% арттыруға мүмкіндік бермек. Шахтинсктегі аурухана қалашығындағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бөлімшелердің орны жылжытылып, емхананың аумағы 1500 шаршы метрге ұлғаятын болады. Балқаш қаласында халық санының өсуіне орай емхана тапшылығы сезілген болатын. Бұл мәселе де жақын уақыттары шешімін таппақ, биыл қалада жаңа емхананың құрылысын бастау жоспарлануда. Сондай-ақ, Қарағанды мен Теміртауда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетін 3 орталықтың құрылысы басталады. Жезқазғандағы аурухана қалашығы қайта қалпына келтірілу жұмыстары аяқталуға жақын. Қалашықта заманауи стандарттарға сай жабдықталған диагностикалық орталық, бактерологиялық зертхана ашу көзделіп отыр. Орталық күніне 250 науқасты қабылдайтын болады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Сәтбаев қаласында гемодиализ орталығы ашылса, Теміртау қаласында ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасымен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның қаржысына емхана салынады.

Сонымен қатар, бұған дейін Қарағандының медицина мекемелеріне «сенім дүңгіршегі» орнатылып жатқанын хабарлаған болатынбыз. Енді емделушілер емханалар мен ауруханалардағы шұғыл байланыс терминалдары арқылы мамандарға хабарласып, кеңес сұрап, шағым түсіре алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары