02.04.2019, 11:37

Өскеменде автовокзал маңынан адамның бас сүйегі табылды

Өскеменде автовокзал маңынан адамның бас сүйегі табылды. Оқиға орнында полицейлер тексеріс жүргізіп жатыр деп жазады  YK-news.kz.

2 сәуір күні сағат 11:00-де тұрғындардың бірі полицияға Абай даңғыланан адам сүйегінің қалдықтарын тапқанын хабарлаған. 

«Адам сүйегінің қалдығы қазба жұмыстары жүргізіліп жатқанда шыққан. Қазір тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр»,  – деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Айгерім Нұрғазы. 

Оқиға орнындағы кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды.