Жаңалықтар 03.04.2019 сағат 06:53  310

Елордадағы ескі вокзал «Нұр-Сұлтан теміржол вокзалы» боп өзгереді

Елордадағы «Астана-1 теміржол» «Нұр-Сұлтан теміржол вокзалы» боп өзгереді. Бұл туралы ақпарат ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің тиісті Қаулы жобасы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Елордадағы ескі вокзал «Нұр-Сұлтан теміржол вокзалы» боп өзгереді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарға,  автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Астана теміржол вокзалы «Нұр-Сұлтан теміржол вокзалы» болып қайта аталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – деп жазылған қаулыда. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар