Жаңалықтар 03.04.2019 сағат 10:12  1702

Қазақстандықтар тегін дәрі-дәрмектерді саусақ таңбасы арқылы алатын болады

Енді ел тұрғындары дәріханалардан саусақ іздері арқылы тегін дәрі-дәрмектерді ала алатын болады. Бұл жоба ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп жасалып отыр.

Қазақстандықтар тегін дәрі-дәрмектерді саусақ таңбасы арқылы алатын болады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Бүгінде биометрия барлық дүниені жеңілдетуге ықпал жасап келеді. Қазіргі таңда біз Денсаулық сақтау министрлігімен аурухана рецепті бойынша арнайы жоба жасап жатырмыз. Мәселен, дәрігер алдымен рецептті тағайындап, науқасқа қағаз түріндегі рецепті ұсынады. Кейін оны науқас дәріханаға тапсырады. Дәрігер стандартқа сәйкес дәріні тағайындағаннан кейін науқас дәріханаға барып саусақ таңбасын бекітіп биометрия арқылы авторизациядан өтеді. Бұл дәрі-дәрмектерді алған дәл сол науқастың өзі екендігін 100 пайыз кепіл бола алады. Бұл жағдай тегін дәрі-дәрмектерді беру кезіндегі жемқорлықтың алдын алуға ықпал жасайды», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Төрағаның айтуынша, бұл мүмкіндік талқылану үстінде. Алдағы уақытта жоба толықтай қолданысқа енгізілетін болады. Сонымен қатар, дәріханалар арнайы саусақ іздерін оқуға арналған құрылғыларды сатып алу қажет. Бұған қоса, тұлғаның бет бейнесін оқу үшін ұялы телефонның камерасы да жарамды.

«Бұл жағдайда ХҚКО-ға келіп саусақ іздері мен фотосуреттерін беру қажет емес. Мүмкін алдағы уақытта біз пайдаланушының жеке куәлігіндегі фото суретті пайдалануымыз мүмкін. Енді бұл мәселе әзірге талқылану үстінде. Басты айтарым, бұл жүйе өте қарапайым әрі еліміздің барлық өңірлерін қамтитын болады», – дейді А. Оспанов.

Айта кететін жайт, науқас дәрі-дәрмектерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда, оның туысқандары дәріханаға келіп, арнайы тағайындалған дәрілерді алып кете алады. Аталмыш жүйе халыққа жылдам әрі сапалы қызмет түрін алуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар