Қазақстан Республикасының уақытша Президенті Қасым-Жомарт Тоаевтың Мәскеудегі кортежі ресейліктерді таң қалдырды. Тоқаевқа жол ашу үшін жаяу жүргіншілер мен көліктер тоқтатылған сәтті олар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.
«Бүгін 3 сәуір. Біреу келе жатыр. Жоларды жауып тастады. Масқара, кімді бұлай алып бара жатыр? А-а, қазақ туы тұр. Мә, қазақтар келді, қазақтар отыр», - деп кадр сыртындағы әйел қорыма мотоциклдерімен өткен бұл көріністі ерекше таңданыспен қабылдады.
Айта кетейік, 3 сәуір күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Мәскеуге арнайы іссапармен барған болатын.