Жаңалықтар 04.04.2019 сағат 10:31  258

Путин Қазақстанда атом электр станциясын салуды ұсынды

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Кремльде өткен 3 сәуірдегі келіссөз кезінде «Қазақстанда атом электр станциясын салуды»  ұсынған деп жазады Азаттық.

Путин Қазақстанда атом электр станциясын салуды ұсынды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Келіссөзден соң өткен баспасөз жиынында Путин Тоқаев екеуі «бейбіт атом саласындағы серіктестік» жайлы талқылағанын айтты. Оның сөзінше, «уран өндіру және байыту бойынша Қазақстан мен Ресейдің бірлескен алты өнеркәсібі жұмыс істейді». «Әріптестіктің жаңа формасына өтуді» ұсынған Путин «Қазақстанда Ресей технологиясымен атом электр станциясын (АЭС) салу» жайлы айтты.

Путин мен Тоқаев келіссөзде «гуманитарлық байланыстарды да талқылаған». Оның сөзінше, Қазақстанда жаңа ресейлік мектеп мен университет, Ресей ғылым мен мәдениет орталығының өкілдігін ашу жоспары талқыланып жатыр.

Ресей президентінің хабарлауынша, оның Тоқаевпен келесі кездесуі 29 мамырда Қазақстан астанасында «Еуразия экономикалық одағының бес жылдығына арналған» Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі отырысының аясында өтеді.

Жиын өтетін орын ретінде Нұр-Сұлтанның таңдалғанын Путин «одақтың құрылуындағы Қазақстан мен одақ құруды ұсынған Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін көрсеткіміз келді» деп түсіндірді.

Тоқаев пен Путин 20 наурызда отставкаға кеткен Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Мәскеудегі келіссөз басталардың алдында да айтқан.

Тоқаевтың Ресейге сапары алдында оның мемлекеттік басылымдарға берген сұхбаты шықты. Онда президент «Назарбаев тəуелсіз елдегі саяси басқару мен сабақтастықтың мүлде жаңа, озық үлгісін жасап берді» деп, өзінің де» президент ретіндегі негізгі ұстанымы мен өмірлік көзқарасы осы бағыттан ауытқымайтынын» айтады.

Ал қазақстандық саясаттанушы Тоқаевтың алғашқы ресми сапары Мәскеуден басталуын «саяси әдіс» деген.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар