Ресейдің Благовещенск қаласында дәрігер жерде жатқан науқастың жағдайын басы мен аяғына дейін бәтенкесімен түртіп тексерген, деп жазады life.ru.
Көшеде жатқан ер адамға өткен-кеткендер жедел жәрдем шақыртқан. Видеода дәрігердің науқасты аяғымен түрткілегені анық көрінеді.
Спирттік ішімдік ішкен тұрғынды дәрігерлер наркологиялық бөлімге апарған. Алайда ер адам медициналық көмек алудан бас тартып, мекемеден кетіп қалған.