04.04.2019, 11:58

Павлодарда өзін өртеп жіберген ер адамның әйелі де көз жұмды

Көрнекі сурет

Павлодарда өз үйінде өзін өртеп жіберген ер адамның әйелі қайтыс болды деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

«4 сәуір күні сағат 13:06-да Ақсу қалалық ауруханасында 1974 жылғы денесін күйік шалған әйел есін жимастан қайтыс болды», - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, 3 сәуір күні ер адам әйелінің туған күнінде өзін өртеп жіберген болатын. Оны құтқармақ болған достары ауруханада жатыр. 

Тегтер: Павлодар өрт