Жаңалықтар 05.04.2019 сағат 04:57

Алматыда рөлге ие бола алмаған жүргізуші полиция экопостына соғылды

Алматыда Toyota Carina көлігі полиция экопостын қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда рөлге ие бола алмаған жүргізуші полиция экопостына соғылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады. 

Оның айтуынша, оқиға кеше түнде болған. 

«Алматы әуежайына баратын Бұқтырма көшесінде экологиялық посттың тұғырына Тойота Карина Е көлігі соғылған. 34 жастағы жүргізуші көлік рөлінен айрылып қалған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Жүргізуші ішімдік ішпеген», - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын Түрксіб аудандық полиция басқармасының мамандары анықтауда.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар