Жаңалықтар 05.04.2019 сағат 08:37  278

Қызылордада 17 жастағы қыз көпірден секіріп кетті

Қызылордада 17 жастағы қыз көпірден секіріп кетті деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы. 

Қызылордада 17 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
Көрнекі сурет
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Құтқарушыларға хабар 4 сәуір күні сағат 11:26-де түскен. 

«Үш минуттың ішінде жеткен құтқарушылар төтенше жағдай орнына келіп, радиациялық және химиялық-биологиялық қорғау бөлімінің басшысы Ә.Сахиев пен бас құтқарушы Б.Алжанов 200 метрге дейін аралықта жүзіп оны өзеннің сол жағалауына шығарды. Осы уақытта қайықпен келген құтқарушылар өзеннің оң жағалауына жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті, содан кейін оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды»,  –  делінген хабарламада. 

Куәгерлердің айтуынша, қыз көпірге әдейі секірген. 2002 жылғы Қызылорда облысы тұрғынының бұл әрекетке не үшін барғаны анықталып жатыр. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар