Оқыс оқиға кеше сағат 14:00 шамасында орын алды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«3 сәуір күні сағат 14:00 шамасында ескі вокзал аумағындағы Гете, 10 мекенжайында орналасқан «Қарыз + Ломбард» ломбардына қарашылық шабуыл жасалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Белгілі болғандай белгісіз біреу ломбардқа кіріп, қызметкерін қаруға ұқсас затпен қорқыту арқылы ақша беруін талап еткендігін хабарлаған. Ол ақшаны алғаннан кейін қылмыс орнынан кетіп қалған», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Хабарламада айтылғандай, қазіргі уақытта күдіктіні анықтап, ұстау мақсатындағы жедел-іздестіру шарасы жүріп жатыр.
Сондай-ақ, ведомство WhatsApp мессенджері арқылы қалалық ломбардтардың бірінше белгісіз біреудің адамдарды кепілге алғандығы туралы видеоның шындыққа жанаспайтындығын хабарлайды.